Ерекше

Митинг қарсаңында Қазақстанның түрлі өңірінде ұсталғандар оннан асты

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қарсаңында бірнеше қалада азаматтық белсенділер ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құқық қорғаушы жұма күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында олардың аты-жөндерін жариялап, ақпарат жаңарып отыратынын жазды.

️1. Жанат Жамалиев – Екібастұзда ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 12-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамалды.
2. Елдос Досанов – Семей қаласы, 488-баптың 6-бөлігі, 10 тәулікке әкімшілік қамау.
3. Нұрбек Құлышев – Астана қаласы, 488-баптың 6-бөлігі, 15 тәулікке қамау.
4. Нұржан Сембаев – Семей қаласы, 488-баптың 12-бөлігі, 6 тәулікке қамау.
5. Әсет Кенджибеков – ұсталған.
6. Ербол Есхожин – Астана қаласы, 15 тәулікке әкімшілік қамау.
7. Нұржан Кажығалиев – Астана қаласы, 488-бап бойынша ұсталған.
8. Канатхан Әмренов – 488-бап бойынша 15 тәулікке қамауға алынды.
9. Қаржау Төрекұлы – Астанада ұсталды, Қызылордадан келген.
10. Назгүл Жүсіпова – 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
11. Махаббат Құсайынова – 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Back to top button