Мені салық реформасының әкесі деп атайды, десе десін – Жұманғарин
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда жүргізіліп жатқан салық реформасы мұқият есептеулерге, халықаралық тәжірибеге және жетекші мамандардың жұмысына негізделген деп мәлімдеді. Ол бұл тақырыпта ешқандай негізсіз болжамдар мен алыпқашпа әңгімелерге жол берілмейді деді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның айтуынша, реформаны үйлестіру мен оның табысты жүзеге асуына өзі жеке жауапты, ал әріптестері енгізіліп жатқан өзгерістер аясында өз бағыттары бойынша жауапкершілік алады.
«Жақында біреулер мені “салық реформасының әкесі” деп атап жүр. Десе десін. Біз бұл реформаның сәтті жүзеге асарына ешқандай “егерсіз” сенеміз. Мұндай салада эксперимент жасауға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл – нақты есептерге, халықаралық тәжірибеге сүйенген, ең бастысы, кофенің қоюына қарап болжай салатын дүние емес. Бұл жұмысқа институттар мен осы саладағы ең білікті мамандар тартылды», – деді вице-премьер Үкіметтегі брифинг барысында.
Сондай-ақ ол салық мөлшерлемелеріндегі өзгерістердің әлемдік тәжірибеге сай келетінін атап өтті. Көптеген елдерде экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында жыл сайын қосылған құн салығы (ҚҚС) мен корпоративтік салықты қоса алғанда, салықтарға түзетулер енгізіліп отырады.