Ерекше

Мемлекеттік қарызды басқару кеңесі құрылды – міндеті қандай?

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгені құраған, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

КЕҢЕСТІҢ БАҒЫТЫ ҚАНДАЙ

Елде мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды. Бұл туралы Ұлттық банк пен Ұлттық экономика министрлігі таратқан бірлескен хабарламада айтылды.

Аталған шешім 2025-2027 жылдарға арналған мемлекеттік қаржының тұрақтылығын қамтамасыз ету және елдің макроэкономикалық саясатының теңгерімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені аясында қабылданған.Кеңес өз жұмысын төмендегі бағыттар бойынша шаралар әзірлеуге бағыттайды:

  • мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тереңдігін, өтімділігі мен тиімділігін арттыру;
  • бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін мемлекеттік қарыз алу құнын төмендету;
  • квазимемлекеттік сектор мен корпоративтік эмитенттер нарығы үшін тиісті бенчмарк көрсеткіштерін қалыптастыру.

ҚАРЫЗ ТАҒЫ ҰЛҒАЙДЫ

«Негізгі міндеттер ретінде макроэкономикалық жағдай мен борыштық тұрақтылықты ескере отырып, мемлекеттік қарызды басқару, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, сондай-ақ оларды ішкі және сыртқы нарықтарда шығару саясатын қалыптастыру бойынша келісілген шешімдер қабылдау көзделеді», – делінген.

Ресми деректерге сәйкес, 1 шілдеде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,9 трлн теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 40 млрд теңгеге артқан.

Back to top button