Ерекше

Мемлекеттік аудит елдегі біршама ЖОО-дан бұзушылықтар анықтады

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) Қазақстанда Білім беру саласындағы заң бұзушылықтар бойынша министрлік пен жоғары оқу орындарындағы 15-тен астам жауапты тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты. Олардың қатарында елдегі жетекші университеттерінің ректорлары мен проректорлары бар, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ

2025 жылдың ақпан айында жүргізілген аудит қорытындысында білім беруді дамытуға бөлінген бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны анықталды. Тексеру барысында мұғалімдерді даярлау мен жұмысқа орналастыру, сабақтардың әдістемелік қамтылуы, сондай-ақ мемлекеттік бақылау жүйесіндегі олқылықтар белгілі болды.

«Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына заңнаманы бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді», – делінген палата таратқан ресми хабарламада.

КІМДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

  • Мемлекеттік аудит нәтижесінде ескерту немесе тәртіптік жаза алғандар тізімі мынадай:
  • Білім беру министрлігінің Орта білім комитеті төрағасының орынбасары;
  • Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары;
  • Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры;
  • Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры;
  • Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының проректоры;
  • С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің проректоры;
  • Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры;
  • М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің проректоры;
  • Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры;
  • Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің проректоры;
  • Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының проректоры;
  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің деканы;
  • А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің кафедра меңгерушілері;
  • Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қаржы-экономикалық департаменті директоры мен бас ғылыми қызметкері;
  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің мамандары.

Сонымен қатар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бөлім басшылары мен әдіскерлері де тәртіптік жазаға тартылды.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі оқу орындары түбегейлі жаңғыруы керектігін, әйтпегенде Қазақстан әлемдік білім кеңістігінен артта қалу қаупінде екенін атап өткен еді. Бұл пікірін Мемлекет басшысы «Қазақстан – академиялық білім аймағы» атты стратегиялық серіктестер форумында білдірген.

Back to top button