Ерекше
Мал шаруашылығын дамытпайтын кәсіпкерлерден мемлекет жерін қайтарып алады
Үкімет басшысы Олжас Бектенов тартылған инвестицияларға қарамастан мал шаруашылығы едәуір артта қалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның айтуынша, керемет ірі жер иеленушілер маусымдық кезеңде ғана жұмыс істеп, қалған уақытты ауылда жұмыссыздық белең алады.
«Сондықтан 10 мың гектардан астам жерді пайдаланып отырған кәсіпкерлерге міндетті түрде мал шаруашылығын жүргізу талаптары қойылды. Оны орындамаған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Оның ішінде жерді қайтарып алу тетіктері де бар», – дейді Бектенов.