Без рубрикиЕрекшеҚоғам
“Маған көп партия көз тігіп отыр” — Бақытжан Базарбек
Мәжілісмен Бақытжан Базарбек Парламенттен кете ме, жоқ па екендігіне жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“БАЗАРБЕК ҚАЖЕТ ДЕСЕ, БАРАМЫН”
Бұл жерде біреу мандатымызды тартып алып, жұмысыңды босат деп тұрған жоқ қой. Әлі жоспар бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 2026-27 жылдары жұмысымызды аяқтап бара жатқанда халықтың ойын тыңдаймыз. Егер Парламент Мәжілісінде “шаршадық”, “мына кісі емес, мына кісі болсын” десе, 100 жерден партиялар ұсыныс білдірсе де Парламентке келмеймін. Қазір маған көп партия көз тігіп отыр. Бірақ соңғы шешімді өзім қабылдаймын. Бұл жерде ең бастысы – халық шешімі. Халық егер “Базарбек қажет”, “біздің мұңымызды айтып, жемқорлықпен күрессін”, “заңсыздықтарды айтсын” десе, мен барамын, – деді ол.