ЕрекшеЖаңалықтар
Мәжіліске жаңа депутат келді: Ол кім және қай партиядан қосылды

Ақ жол партиясы ротация жасап, Мәжілістегі бір депутатты орнынан алып, басқасын әкелді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мәжілістен Ержан Бейсенбаев кетті. Оның орнына Олжас Нұралдинов келді.
Олжас Нұралдинов 1989 жылы 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылында дүниеге келген. Үйленген 3 баласы бар.
2007-2011 жылдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқыған.
Еңбек өтілі:
- 2013 ж. – 2016 жж. – «Казпостсервис» ЖШС директоры.
- 2014 ж. – 2022 жж. – «KAZECOTRANSIT» ЖШС бас директоры
- 2014-2021 жж. – «СИНЭК» ЖК басшысы
- 2021 -2023 жж. – «Eurasia Med Денсаулық орталығы» ЖШС негізін қалаушы
- 2021-2023 жж. – бүгінгі күнге дейін – «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы
- 2023-2024 ж. қарашаға дейін – Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты
- 2024 ж. – бүгінгі күнге дейін – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің III, IV шақырылымдарының мүшесі.