Ерекше
Lufthansa борты Алматыға қайта қонды – жолаушы көз жұмды
Жолаушы есінен танып қалғанда экипаж шұғыл қонуға шешім қабылдаған, деп хабаралайды Tizgin.kz
26 желтоқсанда Lufthansa авиакомпаниясының LH 0722 рейсі бойынша Мюнхеннен Пекинге ұшып бара жатқан жолаушы ұшу кезінде көз жұмды. Бұл туралы Қазақстанның Авиация әкімшілігі хабарлады.
Жолаушы есінен танып қалғанда экипаж шұғыл қонуға шешім қабылдаған. Ұшаққа дереу әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы жіберілген.
«Медициналық қызметкерлер келгенде жолаушының ұшу кезінде көз жұмғаны анықталды», – деп хабарланды.
Барлық қажетті рәсім аяқталған соң ұшақ Алматыда жанармай толтырып, жергілікті уақыт бойынша 7:56-да Пекинге бағытталған рейске қайта ұшты.