ЕрекшеЖаңалықтар

LRT Қосшыға дейін тартылады

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін Қосшы қаласына дейін созу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Астананы айтарлықтай жеңілдетіп тұрған үлкен серік қала — Қосшы қарқынды дамып келеді. Бұл – шынымен де қала серігі. Қосшы мен Астана арасында белсенді қозғалыс бар. Сондықтан келесі кезеңде біз (LRT желісін. – авт.) Қосшы бағытына қарай салуды жоспарлап отырмыз”, – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Үркер тұрғын алабының халқымен есептік кездесуден кейін.

Оның айтуынша, құрылысты келесі жылдың басында бастау жоспарланып отыр. LRT желісінің бір бөлігі жер үстімен өтеді.

“Тағы бір тармақ Тұран даңғылына дейін барады. Ал Тұран бойымен екінші бөлігінде ескі теміржол вокзалына дейін жалғасады”, – деп атап өтті елорда басшысы.

Back to top button