Қазақстанда депрессия диагнозы қойылған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы яғни, сырқат парағы тек психиатр қорытындысынан кейін ғана беріледі, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
“ПАЦИЕНТ ПСИХИАТРҒА ЖІБЕРІЛУІ ТИІС”
Бұл туралы мұны алдына «31 арна» ақпарат ұсынған болатын.
«Жалпы тәжірибе дәрігері науқастан депрессия белгілерін анықтай алады, алайда нақты диагнозды психиатр ғана қояды. Сондықтан мұндай жағдайда пациент психиатрға жіберілуі тиіс», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Әсел Қыдырәлиева.
Министрлік мәліметінше, жыл басталғалы республика бойынша 1 517 адамға «депрессия» диагнозы қойылған. Ең жиі жүгінетіндер – 18 бен 40 жас аралығындағы әйелдер.
Мамандар сөзінше, дерттің “жарасы” жеңіл болса, психологиялық қолдау, демалыс және сүйікті іспен айналысу арқылы реттеуге болады. Ал ауыр формалары дәрі-дәрмекпен емдеуді қажет етеді. Орта және ауыр деңгейдегі депрессия жағдайлары стационарлық жағдайда емделеді.