Ерекше

КҚК шабуылға ұшыраса, мұнай экспорттаудың балама бағыттары бар – министр

Қазақстан Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) инфрақұрылымына шабуылдар жалғасқан жағдайда елде мұнай экспорттаудың балама бағыттары бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ

Министрдің айтуынша, қазір қазақстандық мұнайдың шамамен 80 пайызы әлі де КҚК құбыры арқылы экспортталады. Алайда одан өзге де жеткізу арналары пайдаланылып отыр. Жыл сайын шамамен 9 млн тонна мұнай Атырау – Самара бағытымен тасымалданады. Бұл бағыттан әрі қарай шикізат бірнеше арна арқылы жөнелтіледі: Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытына, сондай-ақ Новороссийск пен Усть-Луга порттары арқылы.

«Бізде Қазақстан – Қытай бағытындағы тасымал да бар. Бұл арнамен 1,1 млн тонна көлемінде мұнай жеткізіледі. Сондай-ақ Каспий теңізі арқылы, одан әрі Баку – Тбилиси – Джейхан жүйесіне қосылатын бағыт жұмыс істейді. Биыл осы маршрутпен шамамен 1,5 млн тонна мұнай айдауды жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр желісі консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуылға байланысты ресми наразылық білдірген болатын.

Back to top button