Без рубрикиЕрекше

“Көз қарашықтары үлкейіп кеткен”: Футбол ойынында көз жұмған спортшы ауруханаға қандай күйде жеткізілді

Алматыдағы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Хан-Тәңірі» футбол командасының 19 жастағы ойыншысы Диас Төлеудің жағдайы туралы алғашқы ақпаратпен бөлісті. Ол Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасы аясындағы матч барысында өзін кенеттен жайсыз сезініп, есінен танған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

БАСҚАРМА БӨЛІСКЕН АҚПАРАТ

Басқарма мәліметінше, жас спортшы медициналық мекемеге клиникалық өлім жағдайында жеткізілген.

– Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне 2006 жылы туған науқас клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Оны оқиға орнында кезекшілікте болған жекеменшік медициналық жедел жәрдем қызметі әкелген. Ауруханаға жеткізілген сәтінде науқаста жүрек соғысы мен артериялық қысым тіркелмеген, көз қарашықтары кеңейіп кеткен. Медициналық бригада жарты сағат бойы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізді. Алайда қолданылған шараларға қарамастан, аман алып қалу мүмкін болмады. Биологиялық өлім тіркелді, – деп хабарлады Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

МӘЙІТ САРАПТАМАҒА ЖІБЕРЛДІ

Қазірг марқұмның денесі нақты өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Футболшының ойын барысында өзін жайсыз сезініп, есінен танғаны әлеуметтік желілер мен трансляция кадрларынан  байқалады. Оны алаңнан зембілмен әкеткен.

Редакция марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Back to top button