
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Нәзипа Аюбаева не үшін қызметінен кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Ол өз шешімімен кетті. Бұған дейін үш пәнді біріктіру бойынша реформаны тоқтатуға қатысты ұсыныс айтылды. Ол ұсынысқа президенті (академия) көнбеді. Қабылданған шешімді өзгертпеуіне байланысты және өзі… Осындай шешім қабылданды», – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министр командасы жоқ екенін, кеңесшісі, көмекшісін қосқанда бес адаммен ғана келгенін айтады. Кейбір азаматтар айтқандай кадрларды ауыстыру толқыны байқалмайтынын атап өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram