Kcell 2025 жылдың шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады. Соған қарап, өткен жыл компания үшін табысты болды деп айтуға болады. Оның үстіне былтыр Жоғарғы сот тариф бойынша өзге ойыншылармен сөз байласу фактісі бойынша қозғалған істі заңсыз деп таныған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Kcell-дің жалпы түсімі былтыр 254,7 млрд теңге болған. Түсімнің негізгі бөлігі мобильді қызметтерден түскен – 213,4 млрд теңге (83,8%). Құрылғылар сатуда 33,5 млрд теңге (13,2%), өзге кірістерден 7,8 млрд теңге (3%) кірген.
Жыл қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 14,1 млрд теңгеге жетіп, маржа шамамен 5,5% болды. Сонда жалпы шығын көлемі 240,6 млрд теңге деген сөз.
Шығындардың ең ірі бөлігі инфрақұрылымға тиесілі. Амортизацияға 68,5 млрд теңге (26,9%), байланыс арналарын жалға алуға 15,3 млрд теңге, операторлар арасындағы өзара есеп айырысуға 11,9 млрд теңге, жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге 15 млрд теңге жұмсалған. Жұмыс күшін ұстап тұруға 18,2 млрд теңге, қарыздарға қызмет көрсетуге 18,5 млрд теңге, электр энергиясына 9,3 млрд теңге кеткен . Бюджеткен төленген салық көлемі – 8,7 млрд теңге. Бұл жалпы табыстың табыстың 3,4%-ына тең.
Компанияның топ-менеджментіне 603 млн теңге сыйақы төленген, бірақ есепте бұл соманың нақты неше адам арасында бөлінгені көрсетілмеген. Ресми сайтындағы мәлімет бойынша, директорлар кеңесінде 6 адам, ал басқарма құрамында 5 адам бар.
Kcell-дің жалпы қарызы шамамен 181 млрд теңге.