Ерекше

Кадрлық шешім қабылдау керек сияқты – Тоқаев

Тоқаев экономика мен энергетикаға жауапты шенеуніктерді орнынан алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ұлттық құрылтайда президент Қазақстан жылына 100 млн тонна мұнай өндірсе де, авиакеросин бағасы жағынан мұнайы жоқ елдерден қалып қойғанын сынға алды. Ол экономикаға жауапты адамдарға үлкен сұрағы барын айтты. Энергетика саласына жауапты адамдар да назардан тыс қалған жоқ.

«Бұл бағытта кадрлық шешім қабылдау керек сияқты», – деді мемлекет басшысы.

Құрылтай барысында мемлекет басшысы болашаққа жоспар құрған кезде өмірге шынайы көзқараспен қарауға шақырды. Айтуынша, кез- келген елдің күші – халықта.

“Өздеріңіз білесіздер, мен әралуан жоспар құрып, стратегиялар жасауды құптай бермеймін. Өйткені бос қиялға беріліп, құрғақ уәде беруге қарсымын. Болашаққа бағдар жасап, жоспар құрғанда өмірге шынайы көзқараспен қараған жөн”, – деді Тоқаев.

Back to top button