TOP-1Спорт

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы тағдыры шешілді

World Boxing Organization (WBO) орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлын денесінде мельдонийдің табылуына байланысты бір жылға шеттетті. Алайда чемпиондық белбеуінен айырған жоқ, деп хабарлайды Brunchboxing.

Дисквалификация кезеңінде қазақстандық боксшыға кез келген кәсіби және көрмелік жекпе-жектерге қатысуға тыйым салынады. Орта салмақтағы дивизиондағы белсенділікті сақтау және рейтиңдік үміткерлердің құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында WBO уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жекті санкциялады: рейтиңнің бірінші нөмірі Дензел Бентли екінші нөмір Энди Сааведрамен кездеседі. Сонымен қатар дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін Әлімханұлы толыққанды чемпионды анықтау үшін уақытша чемпион атағының иесімен дереу жекпе-жек өткізуге міндетті болатыны расталды. Осы шешімге дейін кез келген аралық жекпе-жекті өткізуге WBO рұқсат бермейді, ал талапты орындамау ұйым регламентіне сәйкес қосымша санкцияларға апарып соғуы мүмкін.

WBO президенті Густаво Оливьери чемпиондық жекпе-жектер комитетінің шешімі бірауыздан қабылданғанын, ал жазаның мерзімі кері күшіне ие – 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап есептелетінін атап өтті. Толық қорытындылар, шарттар мен талаптар көрсетілген ресми жазбаша құжат қосымша жарияланады.

Былтыр желтоқсанда Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен кездесуі тиіс еді. Сынаманы 15 қараша күні Калифорнияда Voluntary Anti-Doping Association (VADA) алған. Мельдоний 2016 жылдан бері World Anti-Doping Agency (WADA) тыйым салынған заттар тізіміне енгізілген. Теріс нәтиже жарияланғаннан кейін қазақстандық боксшы жекпе-жектен шеттетіліп, оның орнын Хоан Гонсалес басты.

Back to top button