Ираннан қалай шығып кетуге болады – елшілік сол елдегі қазақстандықтарға үндеу жасады
Ирандағы елшілік Иран аумағынан қалай шығуға болатынын хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Иран Ислам Республикасының әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Иран аумағынан шығу мәселесін Иран–Әзербайжан, Иран–Армения, Иран–Түркия және Иран–Түрікменстан арасындағы құрлық шекаралары арқылы пысықтау мақсатында жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерімен байланысқа шығуларыңызды сұраймыз” деп жазылған хабарламада.
СІМ хабарлауынша, Иранда 96 қазақстандық бар.
ИРАНҒА СОҚҚЫ
Израиль мен АҚШ бүгін Тегеранға қарсы алдын ала соққы жасағанын елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Times of Israel басылымы. Иранның IRNA ақпарат агенттігінің дерегінше, Тегеранның орталығында жарылыстар естіліп, қала үстіне екі түтін бағаны көтерілген.
«Израиль мемлекеті Иранға превентивті соққы жасады. Соның салдарынан жақын арада Израиль мемлекетіне қарсы зымырандық және ұшқышсыз аппараттармен жасалатын соққы күтіледі», — деп келтіреді телеарна министрдің сөзін.
Кац елде төтенше жағдай режимі жарияланғанын мәлімдеді. Ал Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сиреналар қосылғанын және тұрғындарға паналау орындарының маңында болу қажеттігі жөнінде хабарламалар жіберілгенін хабарлады.
Иран Израиль соққы жасаған соң АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасады.
Арада аз уақыттан кейін Иранның мемлекеттік телеарналары елдің көшбасшысы – аятолла Әли Хаменеи қаза болғанын растады.