ЕрекшеҚоғам

Хасан Қасымбаевтың сот басталды: істен прокурордың бірі шеттетілді

Талғар сотында Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сот процеске қатысып жатқан екі мемлекеттік айыптаушының біріне қатысты өтінішті қанағаттандырды. Бұған дейін айыпталушылар прокурор Назгүл Тәукенбайға қарсылық білдірген, себебі ол өткен жылы ММА жауынгері Арман Әлімовке жасалған шабуыл ісі бойынша сот процесіне қатысқан болатын.

Сот өтінішті қанағаттандырғаннан кейін Назгүл Тәукенбай сот залынан шықты. Отырыста екінші прокурор – Ерлан Құланбаев жұмысын жалғастырып жатыр.

Еске салсақ, Талғарда Хасан Қасымбаевтың соты басталған. Ол «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысы бар деп есептеледі. Қасымбаевқа қасақана ауыр дене жарақатын салу және адам ұрлау айыбы тағылып отыр.

ХАСАН ҚАСЫМБАЕВТЫҢ ІСІ

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғарда жасөспірім Шерзат Полатты өлтіру ісінен кейін шықты. Сол кезде қоғамда Қасымбаев басшылық етеді делінген «Хутор» қылмыстық тобы туралы сөз тараған. Алайда полиция мұндай ұйымдасқан қылмыстық топтың барын жоққа шығарды. Дегенмен оған қатысты тергеу басталды. Ол шілде айында аяқталды. 29 шілдеде прокуратура айыптау қорытындысын бекітіп, істі аудандық сотқа жіберді.

Back to top button