ЕрекшеЖаңалықтар

«Халық бәрін өз көзімен көрсін»: журналист депутат Назаровты жекпе-жекке шақырды

Журналист Гүлбану Әбенлва Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровты «ММА ережесі бойынша» ашық жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ЖУРНАЛИСТ НЕ ДЕЙДІ

Әбеноова депутатқа «шығыңыз тікелей эфирге — сол біздің октагонымыз болсын!» деді.

«Сөз жеткілікті. Бос әңгімеден, ертегіден және күмәннен шаршадық. Халыққа көп уәде бердіңіз, көп сөз айттыңыз. Енді сөз емес, іс қажет. Тікелей эфирде менің сұрақтарыма жауап беріңіз: сіздің біліміңіз, еңбек жолыңыз, өмірбаяныңыз — бәрі халық алдында ашық айтылсын. Қолғаптың орнына дипломдарыңызды, студент кезіңізде түскен суреттеріңізді алып келіңіз. Курстастарыңызбен түскен фотоларыңызды көрсетіңіз. Халық бәрін өз көзімен көрсін. Бұл — тек жекпе-жек емес. Бұл — шындық, әділет пен ақиқат үшін айқас. Сіздің жұдырығыңызда халық тұр деп мақтанасыз, ал менің қаламымда халық тұр», — дейді Гүлбану Әбенова.

Журналист депутатты халықты алдамауды дәлелдеуді талап етті.

«Егер шынымен ер азамат болсаңыз — октагонға шығып, соны дәлелдеңіз! Мені «тәтешка» деп сылтау айтушы болмаңыз! Еркек болсаңыз — шығыңыз!» — деді ол.

Бұған дейін депутат Ардақ Назаров Парламент төрінде анасын 70 жасқа толуымен құттықтап, сол үшін қатты сынға қалған еді. Осыдан кейін журналист Әбенова оның біліміне күмән келтіріп, дипломдарын көрсетуді талап еткен.

Back to top button