ЕрекшеҚоғам

Ғарышкер Талғат Мұсабаевты қайда және қашан жерлейді

Қазақстанның цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун халық қаһарманымен қоштасу рәсімі қай жерде өтетінін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«6 тамыз күні сағат 09:00-де Алматы қаласында Зенков көшесі, 24-үй мекенжайында орналасқан Армия үйінде халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтеді. Қазіргі уақытта министр (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев — ред.) іссапарда, бірақ сол күнге дейін оралып, қоштасу шарасына қатысуды жоспарлап отыр», — деді Мун.

Мұсабаев Кенсай зиратында жерленеді.

Талғат Мұсабаев — қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ресей батыры, РФ-тың генерал-майоры, ҚР авиациясының генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. Ол 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген.

2007 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстанның Ұлттық ғарыш агенттігін басқарған. Ал 2017–2023 жылдары — ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған.

Back to top button