Геннадий Головкиннің қоштасу жекпе-жегіне қарсылас табылды

Sports Illustrated басылымының жазуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37КО) кәсіби мансабындағы соңғы жекпе-жегі рингке қайта оралғысы келетінін жақында мәлімдеген америкалық Андре Уордқа (32-0, 16КО) қарсы өтуі мүмкін, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Головкин Уордтың ықтимал қарсыластары тізіміне енгізілді. Басылым бұл жекпе-жек жайлы былай деп жазады:
“Бұрын бұл «егер…» деген сериядағы тамаша кездесу болатын. 2015 жылы олар жекпе-жек өткізуге жақын қалған, алайда Головкиннің командасы келісімшартты шамамен жарты сағат қана қарап, жекпе-жектен бас тартты. Сол кезде Головкиннің орта салмақта Давид Лемьеге қарсы біріктіру жекпе-жегі жоспарланған еді. 43 жастағы Геннадий Головкин 2022 жылдан бері рингке шыққан жоқ — ол кезде суперорта салмақта абсолют чемпион атағы үшін «Канело» Альвареспен жұдырықтасқан. Мүмкін, ол мансабын «Канелодан» алған жеңіліспен аяқтағаннан гөрі, тағы бір соңғы жекпе-жек өткізуді қалайды. Головкин мен Уордтың жекпе-жегі Майк Тайсон мен Рой Джонс-жуниор арасындағы кездесу секілді өз нұсқасындағы «егер…» жекпе-жегі болар еді».
Айта кетейік, Андре Уорд әуесқойлар арасында Олимпиада чемпионы атанған, ал кәсіпқой рингте суперорта салмақта WBA және WBC нұсқалары бойынша, жартылай ауыр салмақта WBA, IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған. Қазір америкалық боксшының жасы 41-де, ал Геннадий Головкин 43 жаста.