ГеосаясатЕрекше

Еуропалық комиссия Ресейге қарсы 19-шы санкциялық пакетті мақұлдады

Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Паула Пиньо брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz currenttime.tv-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен ЕО-ның жаңа сыртқы саясат жөніндегі жетекшісі Кая Каллас жуырда осы шешім бойынша ресми мәлімдеме жасайды.

САНКЦИЯ ҚАМТИТЫН БАҒЫТТАР
Фон дер Ляйен 16 қыркүйекте жасаған мәлімдемесінде бұл жолғы санкциялар пакеті банк секторын, энергетика мен криптовалютаны қамтитынын атап өтті.

– Ресейдің әскери экономикасы қазба байлықтардан түсетін табыс арқылы Украинадағы қантөгісті қаржыландырып отыр. Мұның жолын кесу үшін Комиссия ресейлік қазба отыны импортына кезең-кезеңімен тыйым салу үдерісін жеделдетуді ұсынады, – деді ол.

Бүгінде Еуроодақ Ресейден теңіз арқылы жеткізілетін мұнай импортына тыйым салып, ресейлік мұнай бағасын барреліне 47,6 доллар деңгейінде шектеген. (Айта кетейік, бұл шектеу 2025 жылдың жазына дейін 60 доллар болған). Еуроодақтың бұған дейін жарияланған стратегиясына сәйкес, одақ 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін ресейлік мұнай мен газ импортынан толық бас тартуды жоспарлап отыр.

ИМПОРТҚА ТЫЙЫМ САЛЫНА МА
Сонымен қатар, 18 қыркүйекте Эстония билігі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейден сұйытылған табиғи газ (СПГ) сатып алуға және оны ел аумағына импорттауға толық тыйым салынатынын жариялады.
Эстонияның сыртқы істер министрі Маргус Цахкнаның сөзінше, Ресей өз агрессиялық мақсаттарынан бас тартқан жоқ, Украинаға қарсы толыққанды басқыншылықты жалғастырып жатыр.

Біз Мәскеудің агрессиясын арттыра береміз және оның әскери машинасын қаржыландырып отырған табыс көздерін азайтудың жаңа жолдарын іздейміз, – деді.

Back to top button