Ерекше

Ет қымбаттап жатқанда, оны шетелге экспорттау жиіледі

Былтыр елдегі ет экспорты 24,8%-ға өскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 90 мың тоннаға артық деп хабарлайды Ауыл шаруашылық министрлігінен, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media-ға сілтеме жасап.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕДІ

Атап айтқанда, сиыр еті экспорты 59,1%-ға артып, 31,3 мың тоннаға, қой еті – 92,8%-ға өсіп, 29,4 мың тоннаны құрады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан сиыр, қой, жылқы еттерімен және тағамдық жұмыртқамен толық қамтамасыз етілген. Экспорттық әлеуетті арттыру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде», – дейді министрліктен.

Жалпы елдегі ірі қара мал басы – 8,2 млн. Қой мен ешкі – 20,6 млн бас, жылқы – 4,6 млн бас, түйе – 294 мың, құс – 48,6 млн.

Ет өндірісінің көлемі 2,7%-ға өсіп, 1,2 млн тоннаға жетті. Етпен бірге сиыр сүтін (5%), жұмыртқа өндіру де (2,4%) көбейген.

МӘН-ЖАЙЫ

Еске салайық, былтыр елде ет бағасымен біраз қиындықтар туындаған. Қыркүйекте елдегі сиыр бағасы күрт өсіп, 4500-ге дейін жетті. Кейін ауыл шаруашылық министрі Айдарбек Сапарбеков ел ішінде сұраныс артқаннан кейін баға өсті деп түсіндірді. Бірақ ішкі нарықта тұрақсыздық болмас үшін жыл соңында ет экспортына шектеу енгізген еді.

Back to top button