Оқиға

Есіктегі жаппай төбелес: полиция аспанға оқ атуға мәжбүр болды

Есік қаласында бір топ адамның қатысуымен жанжал тіркелді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ескерту ретінде аспанға оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

ЖЕТІ АДАМ КҮДІКТІ

Оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, жанжал барысында оқ дауысы естілген.

Өңірлік полиция департаменті мәліметінше, бейнежазбада көрсетілген заңға қайшы әрекеттер 28 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы аумағында тіркелген.

Аталған дерек бойынша «Бұзақылық» және «Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Жеті адам күдікті ретінде танылды. Оқиғаға қатысы бар барлық тұлға анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

ПОЛИЦИЯ НЕ ҮШІН ОҚ АТТЫ

Полиция мәліметінше, ескерту мақсатында аспанға оқ атылды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Барлық қажетті тергеу әрекетін Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысы полиция департаментімен бірлесе жүргізуде. Тергеу барысы ерекше бақылауға алынған.

 

Back to top button