“Ешкім күтпеген монолог”: Назаров депутаттық сауал жолдамас бұрын анасын туған күнімен құттықтады
Мәжіліс отырысында Ардақ Назаров депутаттық сауалын жолдамас бұрын көпшіліктен айтар сөзіне назар аударуларын өтінді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
БӘРІ ШАПАЛАҚ ҰРДЫ
Оның сөзінше, жиында отырған барлық азаматтың артында әлемнің жарығын сыйлаған аналары тұр.
Менің анашымның туған күні еді бүгін. 70 жасқа толып отыр. Құттықтауға рұқсат етсеңіздер. Қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің жүрегіңізден төгілген мейірімге және жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай болып, немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін, сіздің алдыңызда басымды иемін. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын, – деді ол.
Бұдан соң бәрі бәрі шапалақ ұрды. Шенеуніктердің көбіне ұлының анасына білдірген лебізі ұнаған сияқты.