ЕрекшеЖаңалықтар
Ержан Еркінбаев туризм және спорт вице-министрі қызметінен кетті


Ержан Еркінбаев туризм және спорт вице-министрі қызметінен кетті, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне жасап.
«Үкіметтің қаулысымен Еркінбаев Ержан Мәлікович басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі лауазымынан босатылды», – делінген жұма күнгі хабарламада.
Еркінбаев бұл қызметті 2023 жылдың қарашасынан бері атқарып келген.