ЕрекшеЖаңалықтар
Ерлан Жетібаев СІМ ресми өкілі болып тағайындалды
Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Мұның алдында аталған ақпаратпен ведомствоның баспасөз қызметі бөлісті.
- Ерлан Жетібаев 1984 жылы 15 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
- 2006 жылы Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
- Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінде маман ретінде бастаған.
- 2009 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару методологиясы, ішкі қаржылық бақылау және бюджеттік несиелендіру департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
- 2009-2011 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінде үшінші хатшы қызметін атқарды.
- 2011-2017 жылдары Қазақстанның Таиландтағы Елшілігінде екінші, бірінші хатшы лауазымдарында еңбек етті.
- 2017 жылы ҚР СІМ ЭКСПО-2017 Хатшылығының бірінші хатшысы, кейін ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің бірінші хатшысы қызметінде жұмыс істеді.
- 2018-2020 жылдары «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КеАҚ Қамтамасыз ету қызметі хатшылығының басшысы, Халықаралық ынтымақтастық және климаттық инвестициялар департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
- 2020-2023 жылдары ҚР СІМ Баспасөз қызметінде кеңесші және басшы, 2023-2025 жылдар аралығында ҚР СІМ Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болды.
ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Ресми өкілі болып тағайындалғанға дейін 2025 жылғы наурыз айынан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.
II сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.