Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды
Ержан Байтлес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ержан Айтөреұлы Байтлес 1981 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2001–2005 жылдары «Қазақстан» газетінде тілші болып бастаған.
Әр жылдары «Ақ жол Қазақстан» республикалық газетінде аға тілші, «Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, «Ақшам-ақпарат» тобының жетекшісі қызметтерін атқарған.
2008–2011 жылдары «Ана тілі» республикалық газетінің бас редакторының бірінші орынбасары болды.
2011–2016 жылдары «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.
2018–2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметі секторының меңгерушісі болды.
2021–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Бұған дейін кім басқарды
Айта кетейік, «Қазақ газеттері» ЖШС-ін 2022 жылдан бері Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Дихан Қамзабекұлы басқарып келген.
Еске салсақ, бұған дейін Ләззат Танысбайдың «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.