Спорт

Ербол Хамитов Милан–Кортина Паралимпиадасының чемпионы!

Ол пара биатлоннан 4,5 шақырым із қуу бәсекесінде мәре сызығын 9 минут, 39 секундта бағындырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Екінші орынды украиналық Тарас Рад (10:00,5), ал үшінші орынды қытайлық Лю Ментао (10:11,5) иеленді.

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі.

Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 қашықтықтағы классикалық спринтте қола медаль еншілеп, төртжылдықтың басты бәсекесінде қоржынға алғашқы жүлдені әперген болатын.

Back to top button