Ерекше

Ең төменгі жалақыны өсіру қайта қаралады

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстан Үкіметі 2027–2028 жылдары ең төменгі жалақыны арттыру мәселесін қарастырады, деп хабарлайды  Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

ӨҢІРЛЕР ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАУЫ КЕРЕК

Бүгінгі Үкімет отырысында ол 2026–2028 жылдарға арналған Үкіметтің, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасының жобасын таныстырды.

Министрдің айтуынша, халық табысын қолдау мақсатында елде жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған бағдарламалар жалғаса береді. Әсіресе экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге басымдық берілмек.

МИНИСТР НЕ ДЕДІ

Сондай-ақ әлеуметтік қолдаудың атаулылығын күшейту үшін қосымша шаралар қабылданады.

Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылығын арттыру үшін цифрлық технологияларды кеңінен енгізу жоспарланып отыр. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі де қаралатын болады, – деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысындағы баяндамасында.

Оның айтуынша, 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысы жылына кемінде 2-3 пайыз деңгейінде өседі.

Back to top button