Ерекше

Енді қазақстандықтарға бірнеше жерде жұмыс істеуге тыйым салынады

Еңбек вице-министрі Олжас Анафиннің айтуынша, бір адам толық уақытпен екі не одан да көп жерде жұмыс істесе бұл Еңбек кодексіне қайшы келеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ БІЛІП ОТЫРАДЫ

Енді әрбір еңбек шарты бірыңғай электрондық базаға енгізіледі. Анафиннің сөзінше, бәрі бақыланып отырады, ал алынған мәліметтер еңбек инспекторларына жолданады.

«Мемлекеттік ұйымдар бойынша осындай жұмыстарды жүргізіп отырмыз. Бұл қызметкерлердің бірнеше кәсіпорында толық жүктемемен жұмыс істеу деректері болмас үшін жасалуда», – деді ол.

Егер адамдар ауысыммен жұмыс істесе, онда әр ауысымнан шыққан соң кемінде 12 сағат демалуы тиіс.

Сонда ғана екінші жұмыс істеуге рұқсат беріледі, – дейді вице-министр.

Тексеріс әзірге мемлекеттік қызметкерлерге жүргізілетіні белгілі болды.

Back to top button