“Эмоцияға берілдім”: ШҚО-да тұрғындарға боқтаған әкім халықтан кешірім сұрады

Әлеуметтік желілерде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеуханның тұрғындармен өте дөрекі сөйлескен видеосы тарап кеткен еді. Әкім бүгін жағдайдың қалай болғанын айтып, жұрттан кешірім сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Осы ауылда туып-өстім. Осы ауылдың өркендеуіне қолдан келгенше жұмыс атқарып жатырмын. Кеше ауылымызда қоғамдық тыңдалып өтті. Қоғамық тыңдалым кезінде бейтаныс адамдар келіп, оның өтуіне кедергі келтірді. Сол кедергілердің себептерінен қоғамдық тыңдалым бес сағатқа созылды. Сол кезде эмоцияға беріліп, әдепсіз сөздер айтқаным үшін Шілікті Шілікті ауылдық округі халқынан кешірім сұраймын”, – дейді Қуаныш Төлеухан.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі бұған дейін Зайсан ауданындағы ауыл әкімі түсірілген, бейәдеп сөздер қолданылған бейнежазба анықталғанын растаған. Осыған байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілген.