Елдос Сметов татамиге қашан оралатынын айтты
Қазақ дзюдосының аңызы Елдос Сметов 2024 жылдың жазынан бері татамиге шықпаған еді. Бірақ спорттық мәнсабын жалғастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
ОЛИМПИАДАДАН КЕЙІНГІ ҮЗІЛІС
33 жастағы Сметов – Олимпиада ойындарының толық медаль жиынтығына ие жалғыз қазақстандық дзюдошы. Ол бұл жетістікке 2016 жылдан 2024 жылға дейінгі сегіз жыл ішінде қол жеткізді. Париж-2024 Олимпиадасында чемпион болған соң спортшы карьерасын аяқтамайтынын айтқан. Алайда кейін операциядан кейінгі қалпына келу мен ағылшын тілін меңгеру үшін үзіліс алды.
Жақында Алматы қаласының Спорт басқармасына берген қараша айындағы сұхбатында Елдос Сметов өз жоспарының өзгермегенін айтты.
Қазір операциядан кейінгі қалпына келу кезеңінен өтіп жатырмын. Мөлшері желтоқсан айында жаттығуларға қайта кірісемін. Ал толыққанды дайындық 2026 жылы басталады, – деді Сметов.