ЕрекшеҚоғам

Елде проблема көп, бірақ қоғам неге Бадықованы талқылауға құмар

Бұл сұрақты Tizgin.kz порталы Мәжіліс депутаты Абзал Құспанға қойды.

«Қоғамның өзі бізде қазақ тілді және орыс тілді орта болып бөлінеді. Бадықова тақырыбы орыс тілді ортада талқыланып жатқан жоқ, қазақ тілді ортаға тән нәрсе. Қайрат Нұртас, отбасылық жағдайы, біреуінің шешесі, біреуінің тағы бір нәрсесі деген сияқты тақырыптар көп. Бұл халықты, қоғамды, қазақ тілді ортаны ел, ұлт, халық үшін маңызды тақырыптардан алып кету үшін қолданылатын әдейі саяси технология сияқты болып маған көрінеді. Өйткені шын мәнінде, бұл бізге не береді? Елдің дамуына, қоғамның ілгерілеуіне, сауаттылығын арттыруға не береді? Сондықтан, иә билік күшті болып, үкімет жақсы жұмыс істеуі керек. Заң шығарушы орган да мықты болып, қоғам да сауатты болуы керек. Қоғам неғұрлым сауатты болса, соғұрлым талап та күшті болмақ. Сондықтан, бұл бір қоғамның сауаттылығының деңгейін көрсететін мәселе деп білем», – дейді Абзал Құспан.

Кейінгі кезде актриса Дариға Бадықованың жеке өмірі қоғамда көп талқыланып кетті. Әлеуметтік желідегі жұрттың бәрі де осы тақырыпты қаузауға құмар.

Back to top button