ЕрекшеЖаңалықтар
Екінші АЭС салынатын орын ресми түрде бекітілді
Премьер-министр Олжас Бектенов 26 қаңтарда тиісті қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, екінші атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады, деп жазады Tizgin.kz.
«Екінші атом электр станциясы ядролық қондырғысын салу туралы және ядролық қондырғыны орналастыру ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын айқындау туралы шешім қабылдансын», – делінген құжат мәтінінде.
Бірінші АЭС-ті ресейлік “Росатом” компаниясы Жамбыл ауданының Үлкен ауылында салады.