ЕрекшеЖаңалықтар

Екі-үш кредитін төлей алмай жүргендер енді қарызын мүлде бөлек жолмен жабатын болды

Енді олардың бүкіл несиелері бір платформаға біріктіріліп, бір шотқа ғана қарызын төлейді. Tizgin.kz тілшісіне бұл жөнінде қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтып берді.

ӘБІЛҚАСЫМОВА НЕ ДЕЙДІ

Агенттік төрағасының айтуныша, банкке немесе микроқаржы ұйымдарына қарызын өтей алмай жүргендер үшін жаңа талаптар енгізіледі. Ол ережелер кредиторлар тарапынан қарыздарды реттеуді көздейді.

“Қазір заң бойынша проблемалық кредит болса банкке немесе микроқаржы ұйымдарына өтінішпен бару керек. Маусым айында жаңа заң қабылданды. Сол бойынша бірыңғай тәртіп енгіздік. Банктер өтінішті қабылдап алғаннан кейін тетік бойынша міндетті түрде проблемалық қарыздарды қайта қарауды қарап, кредитті өтеу мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруы керек”, – дейді ол.

ТАҒЫ ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР

Сонымен қатар жаңа тәртіп бойынша реструктуризация жүргізу көзделеді. Бұрын банкке проблемалық қарыз алушы жүгінгенде әр банк әртүрлі шарт ұсынатын. Енді бірыңғай әрі нақты ұсыныстарды береді.

“Міндетті түрде негізгі қарыз төмендетілуі керек. Одан бөлек ұжымдық реттеу тәртібін қарастыратын платформа әзірледік. Егер ол кісіде екі немесе үш кредит болса, онда кредиторлар оны бір шотқа біріктіріп, бірыңғай кесте ұсынуы керек. Ол кредиттердің бірін сәтті жауып, екіншісін жаба алмай жатпауы тиіс. Қаржылық институттар адамның қарызын реттеуге жауапты болуы тиіс”, – дейді ол.

Аталған өзгерістер биыл маусымда күшіне енген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button