ЕрекшеСпорт

Екі алтын, бір күміс: қазақ боксшылары Ливерпульде жеңіске жетті

Бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның екі боксшысы алтын медаль, ал біреуі күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында әуелі Назым Қызайбай шыққан. 48 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар айқасының финалында Назым үндістандық Минакшимен шыққан. Төрешілер жеңісті үндістандық боксшыға берді. Әлемнің үш дүркін чемпионы Назым Қызайбай бұл жолғы чемпионатта күміс медаль иеленді.

Екінші болып рингке шыққан Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейінгі салмақ) моңғолиялық Баттулга Алдархишигті еш мүмкіндік қалдырмады. Айқын басымдықпен жеңіп, әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.

55 келіге дейінгі салмақты боксшы Махмұд Сабырхан да испаниялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. 

Осылайша, күндізгі сессияда қоржынға үш медаль түсті. Кешке Қазақстанның тағы бес боксшысы финалда өнер көрсетеді.

Back to top button