
Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуді ешқашан жоққа шығармағанын айтты. Қытайға жасаған сапарының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясындағы оның сөзін Кремльдің Telegram-арнасы жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Егер Зеленский дайын болса, Мәскеуге келсін, кездесу өтеді», – деді Путин баспасөз конференциясында.
Ол Украина президентімен кездесуді ешқашан жоққа шығармағанын атап өтті.
«Зеленский мырзамен ықтимал кездесулерге келер болсақ, мен бұл туралы бұған дейін де айтқанмын. Жалпы, мұндай кездесулерге ешқашан қарсы болған емеспін. Бірақ осындай кездесулердің мәні бар ма?» – деді Ресей президенті.
Сонымен қатар, Путин Зеленскийді «Украинаның қолданыстағы әкімшілігінің басшысы» деп атады. Ол тағы да Зеленскийдің президент ретіндегі өкілеттігі аяқталғанын ерекше атап өтті.