ЕрекшеЭкономика

Депутаттар ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге көтеруді ұсынды: Үкімет келіспей тұр

Мәжіліс депутаттары Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

ҚОРЫТЫНДЫДА НЕ ДЕЛІНДІ

Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдары ескеріліп әзірленген ең төменгі жалақыны есептеу жөніндегі жаңа әдістеменің қабылдануына байланысты, әлеуметтік-мәдени даму комитеті оның мөлшерін қайта қарап, 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін арттыруды жөн деп санайды», – делінген Мәжілістің 2026 жылға арналған республикалық бюджет жобасына берген қорытындысында.

Бұған дейін Сенат спикеры Мәулен Әшімбаев ең төменгі жалақы адамның негізгі қажеттіліктерін өтеуге сай болуы тиіс екенін атап өткен еді.

Десе де, үкімет басшысының орынбасары әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл бағытта әзірге ешқандай шешім қабылдамағанын айтады. Бірақ оны ұлғайту “жақында” қаралатынын атап өтеді.

Back to top button