ЕрекшеҚоғам

Шымкентте депутат жалған нөмірмен бірнеше ереже бұзып ұсталды

Түркістан облысы мәслихатының депутаты бір дегенде бірнеше жол ережесін бұзып, қоғам назарына ілікті, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

Әлеуметтік желілерде Lexus маркалы көліктің 777 нөмірімен жолда тәртіпсіздік жасағаны туралы видео пайда болды. Көлік қарсы жолаққа шыққан, тоқтап, жолаушыны түсірген. Жолда жүрген кезде жүргізуші де, жолаушы да қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Шымкент қаласының полиция департаменті жүргізушінің ұсталғанын хабарлады.

«Жүргізуші әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: жалған тіркеу нөмірімен көлік жүргізіп, қарсы жолақпен жүріп, міндетті сақтандырусыз жүрген, қауіпсіздік белдігін тақпай, тыйым салынған жерде кері қозғалып, қозғалысты бастамас бұрын сигнал беру талабын орындамағае”, – дейді ол.

Депутатқа тиесілі Lexus автокөлігін айып тұрағына қойды. Үш жетілік жалған нөмір тәркіленді.

Полиция жүргізушіге қатысты әзірге тек профилактикалық әңгіме жүргізілгенін айтты.

Әлеуметтік желі қолданушылары видеодан AMANAT партиясы құрамындағы  Түркістан облыстық мәслихаты депутаты, «Қарабатыр» ЖШС директоры Ерғали Аманбаевты таныды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button