ЕрекшеСпорт

Дастан Сәтпаев мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Футболшы сол уақытта Данияда жүргендіктен марапатты өзі келіп ала алмады, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.

ҚАНДАЙ СЫЙЛЫҚ БҰЙЫРДЫ
Алматылық клуб пен Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды. Бірақ Сәтпаев марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Себебі сол кезде “Қайрат” Данияда болып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі “Копенгагенге” қарсы ойынға дайындалып жатқан еді.

“Шабуылшы Дастан Сатпаев ‘Спорт’ номинациясы бойынша жеңімпаздар қатарынан көрінді. Мұндай марапат оның еңбегі, тәртібі мен отандық футболдың дамуына қосқан үлесінің нәтижесі” – делінген “Қайрат” клубының баспасөз қызметі ақпаратында.

“ЧЕЛСИГЕ” ҚАШАН АУЫСАДЫ

Дастан Сәтпаев қазір 17 жаста. Биыл ақпан айында оның 18-ге толған соң, 2026 жылдың жазында Лондонның “Челси” клубына қосылатыны хабарланған еді.

26 қарашада ол 2025/2026 маусымындағы Чемпиондар лигасында алғашқы голын соқты. Ойынның 81-минутында Дастанның “Копенгаген” қақпасына бағыттаған соққысы қақпа торынан табылды. Алайда ойын 3:2 есебімен алматылық команданың жеңілісімен аяқталды.

Back to top button