Дәрігерлерге күш көрсеткендерге жаза қатаңдайды – Сенат заң қабылдады
Қазақстан Сенаты медициналық қызметкерлерге күш көрсетуге қарсы жазаны қатайту туралы заңды екі оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап.
СЕНАТТА НЕ АЙТЫЛДЫ
«Заң қабылданған соң медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем көлігі жүргізушілерін қызметтік немесе кәсіби міндеттерін орындау кезінде зорлықтан қорғау қамтамасыз етіледі. Қауіпсіз еңбек жағдайлары қалыптасвп, көрсетілетін қызмет сапасы артады», — делінген Сенат қорытындысында.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жаңа 380-3-баппен толықты: «Медициналық қызметкерге немесе жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қарсы зорлық немесе қорқыту».
ҚАНДАЙ ЖАЗА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Сонымен қатар, заң медициналық қызметкерлерге жасалған зорлық пен қорқытуға келесі жазаларды қарастырады:
- Медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем бригадасы жүргізушілеріне зорлық қолданамыз деп қорқыту – 200-500 АЕК көлемінде айыппұл. Одан бөлек, сол мөлшерде түзету жұмыстары, немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс, немесе екі жылға дейінгі құқық шектеу немесе бас бостандығынан айыру. Ауырлататын жағдайлар болса – екіден үш жылға дейінгі құқығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру;
- Денсаулыққа қауіп төндірмейтін күш көрсету болса, 500–1000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары, 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту. Онымен қоса, екіден үш жылға дейінгі құқық шектеу немесе бас бостандығынан айыру. Ауырлататын жағдайлар болса – үштен жеті жылға дейін;
- Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін зорлық болса, бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ауырлататын жағдайлар болса — жетіден 12 жылға дейін.
Бұл заң медициналық қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға бағытталған қылмыстық әрекеттерге төзімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр.