Ерекше

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы – Президент Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында ҚАУЛЫ шығарды. Онда былай делінген:
1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 6 қаңтар

 № 1151

МӘН-ЖАЙЫ
Мемлекет басшысы 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағаны белгілі. Үкімет басшысы Олжас Бектенов осыған орай біздің басты мақсат – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін экономиканың барлық салаларында серпінді технологияларды енгізу деді.

Back to top button