Без рубрикиЕрекшеЖаңалықтар

Экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Істі болған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды Tizgin.kz

Ертаевқа рақымшылық актісі аясында еркіндік берілген.

Сотталғандарға қатысты шешім қабылдау – сот құзыретіне жатады. Бұдан былай ол пробация қызметінің бақылауында болады, – делінген комитеттің ресми хабарламасында.

ӨКІЛЕТТІГІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАН

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалармен бірге қаражатты заңсыз иемденген. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған қаржы мен мүлікті заңдастырғаны үшін де жауапқа тартылған. Кейін апелляциялық сот бұл мерзімді 9 жылға қысқартты.

2021 жылдың наурызында сот Bank RBK, Еуразиялық банк және Qazaq Banki қаржы ұйымдарынан ақша жымқыру ісі бойынша Жомарт Ертаев пен астық бизнесімен айналысатын Нұрлан Тлеубаевқа үкім шығарды. Ертаев бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы аса ірі көлемде жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 9 жыл жазасын өтеуге сотталған болатын.

Back to top button