ЕрекшеСпорт

«Бұл тек басы ғана»: Головкин Әлем чемпионатынан кейін мәлімдеме жасады

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ливерпульде өткен әлем чемпионатынан кейін әлеуметтік желі арқылы үн қатты, деп жазады Tizgin.kz.

“Әлемдік бокс чемпионаты өз мәресіне жетті. Рақмет саған, Ливерпуль – тарих жазылды! Барлық спортшыларға осы күндерді ерекше шабытты еткені үшін алғыс айтамыз. Бар күшін салған әрбір боксшыны мақтан тұтамыз. Ал бұл – тек бастамасы ғана”, – деді ол.

Ливерпульде бокстан өткен ӘЧ: Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы Ливерпульде өткен жарыста барлығы 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 2 қола және 1 күміс. Бұл нәтиже Қазақстанның әлемдік бокстағы ең мықты құрамалардың бірі екенін тағы бір дәлелдеді. Медаль алғандар:

  • Санжар Тәшкенбай (50 кг – алтын)
  • Махмұд Сабырхан (55 кг – алтын)
  • Төрехан Сабырхан (70 к г- алтын)
  • Айбек Оралбай (+90 кг – алтын)
  • Алуа Балқыбекова (50 кг – алтын)
  • Аида Әбікеева (65 кг – алтын)
  • Наталья Богданова (70 кг- алтын)
  • Назым Қызайбай (48 кг – күміс)
  • Виктория Графеева (60 кг – қола)
  • Елдана Тәліпова (+80 кг – қола)

Жеңіске жеткен спортшыларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

«Қазақ боксшыларының осы әлем біріншілігіндегі өнерін жалпы табысты деп бағалауға болады. Бірақ АҚШ-та өтетін Олимпия ойындарына тыңғылықты дайындықты жалғастыру қажет. Спортшыларымызға алдағы уақытта да табыс тілеймін!» – деді Президент.

Back to top button