ЕрекшеОқиға

«Бұл – қанау»: заңгер ШҚО-да тіркелмеген таксишіге айыппұл салған полицияны қатаң сынады

Заңгер Әділетхан Молдахан Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданында көлігімен кісі алып бара жатқан азаматқа “такси қызметін жүргізетін құжатың жоқ” деп айыппұл салған полиция қызметкерлерін қатаң сынға алды, деп жазады Tizgin.kz.

Такси жүргізушісіне айыппұл салынған видеоны жергілікті Бұқара.кз басылымы таратқан. Видеосы да бар. Аталған ауданда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы аясында рейд жүргізіліп, Шемонаиха ауданының сақшылары Volkswagen көлігін тоқтатқан. Тұрғынның тиісті құжаттарсыз кісі алып бара жатқаны анықталған. Полиция сол жерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы, 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырған.

“Қылмыскерді ұстағандай таксишіні ұстаған. Әлгі адам ескі “пассат” көлігімен әрең жүр. Жеңілдетілген салықпен тіркелмеген деген желеумен салған. Бұл адам тіркелуі керектігін білмейді де. Ішкі істер министрлігіне айтарым – бұл нәтиже емес. Бұлай қанаудың қажеті жоқ. Халықты қинап жатырсыңдар. 463-бапта “тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу” дейді. Бұл кәсіпкерлік емес, таксист. Шоты бұғатталған немесе егов қосымшасын қалай қолдануды білмейтін адамдар болады. Қымбатшылықтан қиналып жүрген адамға 65 мың теңге айыппұл салғандарың қалай? Халықты қинауға болмайды ғой. Одан да кәсіпкерлікке қалай тіркелу керектігін үйретіңдер”, – дейді заңгер парақшасында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Молдахан Адилетхан (@adiletkhan)

Back to top button