ЕрекшеЖаңалықтарОқиға

Борттан тосын иіс шығып, Алматыдан шыққан ұшақ әуежайға қайтып келді

Air Astana әуе компаниясы ұшақтың қайтып келуіне орай түсініктеме жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әуе компаниясының хабарлауынша, 17 желтоқсанда Алматы-Астана бағыты бойынша KC 851 рейсін орындаған ұшақ борттағы кондициялау жүйесінің сипатсыз иісінің пайда болуына байланысты экипаждың шешімі бойынша ұшу әуежайына оралған.

“Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға қайтып оралу туралы шешім қабылдады. Қону жергілікті уақыт бойынша 07: 40-та штаттық режимде орындалды. Рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды. Жолауашылар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10: 15 – те аттандыралады”, – делінген хабарламада.

Осы оқиға бойынша техникалық тексерудің белгіленген рәсімі жүргізіледі.

Back to top button