ЕрекшеОқиға

«Борат» болып киінген бельгиялықтар Астанада бес күнге қамалды

“Қайрат-Брюгге” матчына келген бельгиялық жанкүйерлер “Борат” фильміндегі кейіпкердің киімін киіп, стадионда көзге көрінген. Полиция оларды бес тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қайрат» – «Брюгге» матчы кезінде үш шетелдік жанкүйер стадионға көзге оғаш жасыл түсті купальникпен шыққан. Дәл осындай тұрпат мемге айналған «Борат» фильмінің басты кейіпкеріне тән. Жанкүйерлер камераларға бірден түсіп, көпшіліктің назарын аударған еді.

Араға көп уақыт салмай олар ұсталды. Астана қалалық полиция департаменті үш адамның да Бельгия азаматтары екенін хабарлады. Жанкүйерлер кінәсін мойындап, әрекеттерін эмоцияның жетегінде кеткенімен түсіндірген.

Ұсақ бұзақылық үшін 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы қарастырылған. Сот ақырында оларға бес тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.

Back to top button