Блогер Жанабыловтардың үстінен тағы бір іс қозғалды
Блогерлердің үстінен жаңа қылмыстық іс қозғалғанын олардың адвокаты Жасұлан Рахымғалиев жария етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
АДВОКАТТЫҢ АЙТҚАНЫ
Анықталғандай, Бұл жолы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 218-бабының 2-бөлігі бойынша – қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) дерегімен екінші қылмыстық іс қозғалды.
Жасұлан Рахымғалиевтің сөзінше, аталған бап санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Ашығын айтқанда, бұл – істі әдейі ауырлату қажет болғанда қосылатын ең “салмақты” баптардың бірі. Бірақ біз мұның әрекеттің қайда апаратынын жақсы түсінеміз, – деді ол.
Адвокат қос блогерді қорғауды жалғастыратынын жеткізді.
Әр тармағын жіті талдап, бұл туралы ашық айтып отырамын, – деді ол.
МӘН-ЖАЙЫ
Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды.
Кейінірек Жанабыловтар ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті.