ЕрекшеОқиға

Блогер Шерзат Полаттың отбасынан кешірім сұрай ма – сот міндеттеді

Сот блогер Бауыржан Абдрахманды әлеуметтік желідегі арандатушылық сипаттағы пікірлері үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Tizgin.kz

АДВОКАТ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстандық блогер Бауыржан Абдрахман (лақап аты – Doktor) сот шешіміне сәйкес Шерзат Полаттың отбасынан көпшіліктің көзінше кешірім сұрауға міндеттелді. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді.
Сот шешімі бойынша, блогер көз жұмған бозбаланың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа 400 мың теңге моральдық өтемақы, сондай-ақ 500 мың теңге сот шығындарын өтеуі тиіс. Айта кетейік, осы іске байланысты Бауыржан Абдрахман бұған дейін 20 тәулікке қамауға алынған болатын.

ТӨБЕЛЕС ҚАШАН БОЛДЫ
2024 жылдың қазан айында Талғар қаласында болған төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан көз жұмған. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 2025 жылдың маусым айында сот іс бойынша негізгі айыпталушыларды 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Back to top button